10.10.2022, 15:04 6966

"Атамекен" ҰКП мемлекеттік қызметтерден бас тартуды жоспарлап отыр

"Атамекен" ҰКП мемлекеттік қызметтерден бас тартуды жоспарлап отыр
Сурет: atameken.kz
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызметтерден бас тартады. Палата президиумының төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, ҰКП мемлекеттік бюджеттен тәуелсіз болуы керек.
 

Бұған дейін Палата бюджеті 11 млрд теңге бюджет қаражаты және 7 млрд теңге – міндетті мүшелік жарналардан құралған. Бұл тармақ бойынша біз бірнеше қызметтен бас тарттық. Мысалы "Бастау бизнес" жобасы Палата қорына 2,2 млрд теңге әкелетін. Қазір біз Палата кірісінде мемлекеттік бюджет үлесін 20 пайызға дейін қысқартып жатырмыз", - деді спикер.

 
Жиында 51 адамнан тұратын Төралқаның құрамын азайту, атап айтқанда Парламенттің 16 депутаты мен қоғам қайраткерлерін қысқарту және одан шығару ұсынылды. Сондай-ақ, аккредиттелген қауымдастықтардың өкілдерін босатып, тек комитет төрағаларын қалдыру ұсынылды:
 

Көпшілік өкіл емес, төраға үшін дауыс берді, егер ол сала үшін жауапты болса, Төралқа құрамында болуы керек", - деп атап өтті Баталов.

 
Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы комитеттің өзі төралқаға кімді тағайындау керегін анықтауы тиіс деген позицияны білдірді.
 

Талқылау барысында ҰКП басшысы Төралқа төрағасы, комитеттердің, сондай-ақ Төралқа мен басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімдерін қайта сайлау құқығымен 2 жылға дейін қысқарту жөнінде ұсыныс айтты. Жеделдік мақсатында Төралқаға Съездің өңірлік кәсіпкерлер палаталарын құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және өңірлік кеңестердің сандық құрамын бекіту сынды өкілеттіктерін беру ұсынылды", - деп хабарлайды ҰКП сайты.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны