25.01.2023, 11:33 39071

Қазақстан көліктің барлық түрлерімен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізбекші

Қазақстан көліктің барлық түрлерімен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізбекші
Тыйым салуды 4 ай мерзімге енгізу жоспарлануда

Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Оның қоғамдық талқылауы ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Көліктің барлық түрлерімен: бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге төрт ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.


Ерекшелік мыналар болады:

  • жағармай;

  • сұйық отын;

  • автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкету;

  • өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны