03.04.2023, 16:28 49956

Қазақстан Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының шекті бағасын көтеруді жоспарлап отыр

Қазақстан Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының шекті бағасын көтеруді жоспарлап отыр
Бұйрықтың тиісті жобасы бүгін жарияланады

Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Энергетика министрлігі АИ-92, АИ-93 бензині мен дизель отынының шекті бөлшек бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді.
 
Министрдің міндетін атқарушының айтуынша, бұйрықтың тиісті жобасы бүгін жарияланады.
 

Мұндай жағдайда шекті бөлшек сауда бағаларын көтеру арқылы Қазақстан мен көрші елдер арасындағы жанар-жағармай бағасының айырмасын төмендету қажет. Сондықтан біз күрделі, бірақ сонымен бірге қажетті қадамға баруымыз керек - шекті бөлшек сауда бағасын көтеру", - деді Ақшолақов.

 
Атап айтқанда, энергетика министрлігі басшысының м.а. есептегендей, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасын литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін арттыру қажет. Бұл ретте өсім 11% құрайды.
 
Дизель отынына бағаны орта есеппен 20%-ға көтеру ұсынылады - литріне 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін.
 

Егер баға айырмашылығын қазір қысқартпасақ, жақын арада біз жанармай тапшылығына тап боламыз. Сонымен қатар, бұл саланы одан әрі дамыту жолдарын жауып, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төнеді", - деп түйіндеді спикер.

 
03.04.2023, 16.50 толықтырылды
 
Ведомство басшысы жанар-жағармай ішкі нарығындағы ағымдағы жағдай туралы айтып берді.
 

Үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өскен. Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өңделеді. Соңғы бес жылда біз бензин шығару көлемін 70%-ға, яғни бұл 3 млн-нан 5 млн тоннаға дейін, дизель отынын өндіруді 30%-ға - 4 млн нан 5,2 млн тоннаға дейін өсірдік. Қазақстан өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш - 5,2 млн тоннаға қол жеткізсе де, қазіргі кезде еліміздің бірқатар өңірінде дизель отынының тапшылығы байқалып отыр. 350 мың тонна көлеміндегі тапшылықты қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болғанбыз", - деді Б. Ақшолақов.

 
Оның сөзінше, нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторларының бірі - транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа, Қазақстаннан шетелге "сұр" схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт.
 

Қазақстанда дизель отынының тапшылығының басты себебі - бағадағы диспропорция. Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарына кіреді және отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Мысалы, Ресейде дизель отынының бағасы орташа есеппен алғанда бір литрі үшін 345 теңге, яғни біздің нарықтағы бағадан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы бағасы біздегімен салыстырғанда екі есеге қымбат - литріне 480 теңге", - деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.

 
Сонымен қатар, оның айтуынша, көрші елдердегі жағдай біздің ішкі жанар-жағармай нарығына айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, өткен жылдың наурыз айында Ресей Федерациясындағы дизель отынының бөлшек сауда бағасы Қазақстанның ішкі нарығындағы баға деңгейіне дейін төмендеген. Нәтижесінде, Ресеймен шекаралас жанармай құю станцияларында жанармай сатылымы айтарлықтай төмендеді, өйткені баға тепе-теңдігіне байланысты оны біздің елден шығаруға қызығушылық жоғалды.
 

Бірақ бір айдан кейін көрші елдер мен Ресейде бөлшек сауда бағасының күрт өсуі байқалды. Нәтижесінде, күзде дизель отыны өндірісінің ұлғаюына қарамастан, біз оның тапшылығына тап болдық", - деді энергетика министрінің міндетін атқарушы.

 
Биыл бағаның айырмашылығы сақталып отыр. Қорытындылай келе, наурыз айында біз өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% құрайтын тұтынудың өскенін көріп отырмыз, деді спикер.
 

Мұндай жағдайда дизель отыны басқа елдерге және одан да көп көлемде әкетіледі. Біз 850 мың тонна көлемінде дизель отынының тапшылығына тап болуымыз мүмкін", - деді энергетикалық ведомство басшысының м.а.

 
Сонымен қатар, ол егер бұрын тапшылық өндіріс көлемін ұлғайту есебінен жабылса, қазір МӨЗ өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Спикердің айтуынша, алдағы 6 жылда дизель отыны мен жанар-жағармай өндірісінің көлемінің едәуір ұлғаюына сенім артуға болмайды, өйткені осы кезеңде Шымкент МӨЗ-ін қайта құру жобасы жүзеге асырылатын болады.
 

Осылайша, Қазақстан өзінің арзан отынымен басқа елдердің экономикасын өзінің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, іс жүзінде субсидиялап отыр, деп түйіндеді Б. Ақшолақов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны