12.09.2022, 15:36 18891

Алматыдағы "Алтын Орда" базары көтерме-тарату орталығына айналады

Алматыдағы "Алтын Орда" базары көтерме-тарату орталығына айналады
АЛМАТЫ. 12 ҚЫРКҮЙЕК - "Алтын Орда" көтерме-тарату, ал "Барлық" транспорттық орталыққа айналады. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың 2025 және 2030 жылға дейінгі дамуы перспективасымен таныстырды.
 
Қала басшысының айтуынша, "Алтын Орда" көтерме-бөлшек сауда базарын көтерме-тарату орталығына айналдыру жоспары бар. Сонымен қатар, "Барлық" базарының орнында ірі мультимодальды транспорттық-ауыспалы түйін құрылып, ол Батыс автобекетін, LRT станциясын және метро станциясын қамтитын болады.
 
Сондай-ақ, Райымбек даңғылы бойында 2025 жылға дейін BRT жаңа желісі салынатыны белгілі болды. Қолданыста бар BRT желісі "Шығыс қақпа" орталығына дейін созылып, жаңасы Райымбек даңғылы бойымен жалғасады. 
 

2027 жылға қарай Төле би көшесі бойымен жоғары жылдамдықты жеңіл рельсті трамвайды іске қосамыз", – деді қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин. 


Тоқаев Алматы басшылығына "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды.
 
Ақпарат көзі: informburo.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны