17.04.2023, 12:58 41651

"АрселорМиттал Теміртау"-ға салық төлемдерімен алаяқтық жасағаны үшін айыппұл салды

Нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі анықталды
"АрселорМиттал Теміртау"-ға салық төлемдерімен алаяқтық жасағаны үшін айыппұл салды
Қарағанды. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткендігі анықталды. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд.теңгеден астам айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты Департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын, бюджетке 1,3 млрд. теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді.

2017 және 2019 жылдары анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеден асты.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық прокурорлар Люксембург органдарына "АрселорМиттал Теміртау"басшылығынан жауап алуды талап ететін сауал жолдаған болатын. Олар апаттардың алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту және жұмысшылардың өмірін сақтау бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанына жауап алғысы келеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны