13.05.2022, 16:33 16356

Қазақстанда қант экспортына алты айға тыйым салынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №140 "Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығы жарияланды.
Қазақстанда қант экспортына алты айға тыйым салынды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №140 "Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 1701 99 100) және құрақ қанты шикізатын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 1701 13, 1701 14) әкетуге алты ай мерзім тыйым салынсын", - делінген құжатта.

 
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны