06.04.2023, 10:32 33851

E-border бағдарламасының жетілмегендігі Қытаймен шекарадағы кезекке себеп болды

E-border бағдарламасының жетілмегендігі Қытаймен шекарадағы кезекке себеп болды
Сурет: Depositphotos
Мөлшерлемесі 40 мың АҚШ долларына дейін жеткен жүк тасымалдау бойынша "көлеңкелі қызмет көрсету нарығының" белсенділігімен бұл жағдай күрделене түсті

Астана. 6 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Жүк тасымалдаушылар ҚХР-мен шекарадағы "Нұр Жолы" кеден бекетінде электрондық кезекті ұзақ күтуге, сондай-ақ олардың қызметіне байланысты басқа да мәселелерге наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Анықталғандай, шекара маңындағы дүрбелең "E-border" бағдарламасы жұмыс алгоритмінің жетіксіздігінен орын алған. Бағдарлама жеңіл және ауыл шаруашылығы автокөліктерінің, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін ҚХР-на шығуға иелерінің мақсаты болмаған автобустардың тіркеу деректерін пайдалану арқылы кезек орындарын "броньдауға" мүмкіндік берді.
 

Мөлшерлемесі 40 мың АҚШ долларына дейін жеткен жүк тасымалдау бойынша "көлеңкелі қызмет көрсету нарығының" белсенділігімен бұл жағдай күрделене түсті", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Жұмыс тобының ұсынысымен кезектен 2000 жуық автокөлік алынып тасталды, оның ішінде жеңіл, сондай-ақ бұрын есептен алынған не есепте тұрмағандары бар. "E-border" бойынша тізімді пайдалануды а.ж. 16 сәуірінен тоқтату туралы шешім қабылданды.
 

"CarGoRuqsat" жаңа электрондық кезек жүйесінде бұл олқылықтар ішкі істер органдарының дерекқорларымен интеграциялау арқылы ескерілді. Бұл кезектілікпен байланысты алыпсатарлық жасау мүмкіндігін жояды", - деп сендірді прокуратура.

 
Сондай-ақ, ведомствода атап өткендей, өткізу пунктінің аумағында қалдырып кеткен 80-ге жуық ауыр жүк көліктері болды, олардың жүргізушілері тасымалдау қызметтерінің құнын жасанды түрде қымбаттату үшін қасақана ұзақ уақыт бойы ҚХР-на шығуды кешіктірді.
 

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында, Технологиялық схемаға түзетулер жобасы дайындалды, оған сәйкес жүк тасымалдаушылар бұдан былай өткізу пунктінің аумағында 72 сағаттан артық болмауы тиіс. Сонымен қатар, ҚХР-на виза алудың қиындығына қатысты шағымдар болды. Жүргізушілердің көпшілігінде виза жоқ және тиісті визасы бар басқа жүргізушілермен белгіленген қаражатқа келісуге мәжбүр болуда", - деп қосты баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге сала кетейік, 14-17 наурыз аралығында Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу 3 есе өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны