21.12.2022, 17:09 31566
Мәжілісмендер банкроттық туралы заң жобасын мақұлдады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазақстандықтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мен банкроттығын туралы" заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қазақстандық мәжілісмендер мақұлдады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.
Заң жобасында соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы сияқты рәсімдерді регламенттеу көзделген:
- Соттан тыс банкроттық рәсімін 1600 АЕК-ке дейінгі берешегі бар, меншігінде мүлкі жоқ (оның ішінде ортақ мүлік), 12 ай ішінде қарызын өтемеген тұлғалар пайдалана алады;
- Соттың банкроттық рәсімі кезінде борышкердің мүлкі аукционда сатылымға шығарылады;
- Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібі борышкердің кірісі мен мүлкі болған жағдайда бес жылға дейінгі берешегін өтеу бойынша сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.
Бұл рәсімдерден өту тек борышкердің бастамасымен жүргізіледі. Басқа тұлға, мемлекеттік орган немесе банк азаматты банкрот деп жариялай алмайды", - делінген ақпаратта.
Бұған дейін төменгі палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте жеке тұлғалардың банкроттық туралы Заңын әзірлеуге кірісуді тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.01.2025, 16:48 3836
Жапонияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 8 миллиард доллардан асты
Достарға айту
Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз "Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік" деп айтамыз", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.
Арнаулы кеңесші Президентке Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибаның ыстық ықыласын жеткізді, сонымен қатар Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, сауда, энергетика, көлік, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларындағы, сондай-ақ климаттық өзгеріс мәселелері бойынша екіжақты өзара ықпалдастықты тереңдетудің перспективасын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:33 5121
ЕАЭО ЖІӨ тұрақты өсуді көрсетіп отыр
Достарға айту
Олжас Бектенов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Шағын құрамдағы ЕҮАК отырысына Одаққа қатысушы елдер үкіметтерінің басшылары: Беларусь Республикасы - Роман Головченко, Қырғыз Республикасы - Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы - Михаил Мишустин, Армения Республикасы вице-премьері Мгер Григорян, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңындағы халықаралық диалогтің маңызды екеніне тоқталып, қабылданған шешімдер интеграциялық үдерістердің дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, Беларусь Республикасының Премьер-министрі, ЕҮАК төрағасы Роман Головченко ЕАЭО елдерін тығыз экономикалық қатынастар мен ауқымды сауда айналымы байланыстыратынын атап өтті.
Төрағалық етуші тараптың мәліметінше, бүгінде Одақтың ЖІӨ тұрақты өсуді көрсетіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Одақ экономикасының жұмыс істеуінің негізгі көрсеткіші шамамен 4%-ды құрайды. Сонымен қатар 2030 жылға дейін ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияда, оның ішінде әлемдік экономиканы дамытудың соңғы үрдістерін, жаңа технологиялар мен инновациялардың пайда болуын ескере отырып, Одақтың жалпы көзқарасына жақындау үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігі атап өтілді.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістің тұрақтылығын арттыруға және саланың инновациялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау тетігі талқыланды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясын, тұқым шаруашылығын дамыту ретінде, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, АӨК инфрақұрылымын кеңейту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты. Аталған бағыт бойынша жұмысты жандандыру қажет екені атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 16:34 10001
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты сауда көлемі 1 1,6 млрд жетті
Достарға айту
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Алматыға келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиевпен келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, су, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров арасындағы белсенді саяси диалог екіжақты ынтымақтастықтың барлық ауқымын жаңа деңгейге көтеріп, барлық салада жоғары серпінді қамтамасыз еткенін атап өтті. Өткен жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі артып, $1,6 млрд-қа жетті. Жеткізілетін тауарлар аталымын кеңейту арқылы оң үрдісті сақтау мен сауда құрылымын жақсартудың маңыдылығы көрсетілген. Қазақстан өз тарапынан жалпы құны $203 млн-нан асатын 175 атаудағы өнім экспортын арттыруға дайын. Олардың қатарында мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар.
Өзара сауда көлемінің 20%-ға жуығын құрайтын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда. 2024 жылдың 11 айында АӨК саласындағы тауар айналымы 5,5%-ға өсіп, $313,6 млн-ды құрады. Бұл ретте Қазақстаннан астық экспорты 40,4 мың тоннаны, ал ұн - 53,2 мың тоннаны құрады.
Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектісі - өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорындар құруға бағытталған инвестициялық өзара іс-қимыл. Бұл бағытта өнеркәсіптік кооперацияны айтарлықтай нығайта алатын бірқатар бірлескен перспективалық жоба пысықталуда. Соның бірі - Таш-Көмүр қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылысы. Оның ашылуы екі елдің ірі бизнесі үшін маңызды болмақ. Жалпы, 2024 жылдың 11 айында екі ел арасындағы өнеркәсіп тауарларының айналымы $985,5 млн-ды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Бұл ретте Қазақстаннан шығатын экспорт көлемі 13,5%-ға өсті.
Тараптар су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Бірлескен шаралардың арқасында 2024 жылғы суару маусымы шығынсыз өткені айтылды. Биыл Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде вегетацияаралық кезеңді қауіпсіз өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - көлік-транзит әлеуетін арттыру. 2024 жылдың 9 айында автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық жүк тасымалдау көлемі 16%-ға артып, 1,7 млн тоннаны құрады. Осыған байланысты бірлескен шекараның өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін транзиттің тартымдылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-министрі мен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 16:12 10226
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 300 млн долларға жетті
Достарға айту
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматы қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар Иран Ислам Республикасының өткен жылғы желтоқсан айында Еуразиялық экономикалық одақта байқаушы мәртебесін алуы екіжақты қатынастардың барлық бағыты бойынша дамуына ықпал ететінін атап өтті. Иран - Қазақстанның Каспий аймағындағы тату көршісі. Өткен жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 8,1%-ға артып, шамамен $300 млн-ға жетті.
Қазақстан тарапы жалпы құны $132 млн-нан асатын 60 тауар түрін әртараптандыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және ауқымын кеңейтуге қызығушылық танытты. Атап айтқанда, биыл елімізде 26 млн тоннадан астам астық жиналды. Отандық экспорттаушылар бидай, арпа және майлы дақылдарды қоса алғанда, астық өнімдеріне деген Иран нарығы сұранысын қанағаттандыруға дайын. Жалпы, өткен жылдың 11 айында Қазақстан мен Иран арасындағы агроөнеркәсіп тауарының айналымы 25%-ға артып, $186 млн-ға жетті.
Солтүстік - Оңтүстік" халықаралық дәлізі шеңберінде жүк тасымалдау көлемін арттыру, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамыту мақсатында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан (Ақтау, Құрық) және Иран (Анзали, Амирабад) порттары терминалдарын жаңғыртудың келешегі мәселелері қаралды.
Біздің басты мақсатымыз - екі мемлекет басшылары айқындаған міндеттерді толығымен жүзеге асыру және Қазақстан-Иран ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеру. Біздің сауда-экономикалық әріптестігіміздің әлеуеті жоғары, оны одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Өзара құрмет пен достық аясында өтіп жатқан бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекеттеріміз географиялық және аумақтық жағынан байланысып жатыр. Елдеріміздің көшбасшылары арасында сындарлы саяси диалог орнатылды. Екі мемлекет басшылары үкіметтер алдына екіжақты сауда көлемін $3 млрд-қа дейін арттыру міндетін қойды. Біз өз тарапымыздан екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылауға дайынбыз", - деді Мохаммад-Реза Ареф.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 10:56 11591
"Keden" ақпараттық жүйесінде көлік құралына арналған кедендік декларацияны іске қосылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Keden" жаңа кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жұмыстары аясында халықаралық тасымалға арналған көлік құралдарын кедендік декларациялау процесін көлік құралына арналған декларация арқылы енгізуді жүзеге асырады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 31 қаңтары сағат 00:00-ден бастап, халықаралық тасымалға арналған көлік құралдарын, теміржол көлігін қоспағанда, кедендік декларациялау "Keden" ақпараттық жүйесінде декларация толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, халықаралық тасымалға арналған теміржол көлік құралдарын кедендік декларациялау "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-пен ақпараттық өзара іс-қимыл жұмыстарын аяқтағанға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2025, 16:15 19641
Ташкентте Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына қатысты мәселелер талқыланды
Кездесуде "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын қаржыландыру және іске асыру тетіктерін тарту кезеңдері бойынша Жол картасының жобасы қарастырылды
Достарға айту
Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының су-энергетика ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуде "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын қаржыландыру және іске асыру тетіктерін тарту кезеңдері бойынша Жол картасының жобасы қарастырылды.
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов атап өткендей, қуаттылығы 1860 МВт болатын Нарын өзеніндегі гидроэлектростанция жобасы Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың біріне айналады және Орталық Азия өңірі елдерінің тату көршілік қатынастарын одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің техникалық көмегі аясында техникалық-экономикалық негіздемені дайындау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жерде Камбарата ГЭС-1 жобасының техникалық, экономикалық, қаржылық, экологиялық және әлеуметтік құрамдас бөліктерін бағалау, сондай-ақ, оны одан әрі іске асыру үшін қажетті басқа да негізгі іс-шаралар мен зерттеулерді орындау кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 18:54 50816
2025 жылы әлеуметтік салаға арналған бюджеттік шығыстар 9,6 трлн теңгені құрайды
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Үкіметтің басым міндеттері - азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып отыр. Бюджетті жоспарлау және атқару кезінде аталған бағыттарға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Осылайша, биыл Үкімет бюджеттік жоспарлау шеңберінде адами капиталды, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаларға байланысты баптар бойынша қаржыландыруды ұлғайтуды көздеді.
2025 жылы республикалық бюджет шығыстары 25,8 трлн теңге болды. Атап айтқанда, биыл әлеуметтік салаға арналған шығыстар 9,6 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл жалпы шығыстар көлемінің 37,2%-ын құрайды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге (29,8%); экономиканың нақты секторын дамытуға - 2,2 трлн теңге (8,5%); өзге шығыстарға - 3,4 трлн теңге (13,3%) бөлінді.
Бұл ретте 2024 жылы республикалық бюджет шығыстары 23,6 трлн теңгені құрады. Әлеуметтік салаға шамамен 8,8 трлн теңге (жалпы көлемнің 37,3%-ы) бөлінді. Өткен жылы халықты әлеуметті қамсыздандыру меназаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалған шығыстар 5,3 трлн теңгені құрады. Денсаулық сақтау саласын қолдау және дамытуға - 2,2 трлн теңге; ғылым мен жоғары білімге - 700 млрд теңге; білімге - 300 млрд теңге; туризм мен спортқа - 200 млрд теңге және басқа салаларға бөлінді.
Еліміздің өңірлеріне ерекше көңіл бөлінді. Оларды қолдау үшін Үкімет субвенциялар, нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 7.1 трлн теңге бөлді. Сонымен қатар 2024 жылы экономиканың нақты секторын дамытуға 2,2 трлн теңге (9,3%) бағытталды; басқа шығыстар 3,4 трлн теңгені (14,3%) құрады.
2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда жалпы мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы кезек күттірмейтін шығыстар мен ТЖ, сондай-ақ ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелерді орындау шығыстарының жоспарланған резервімен байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2025, 16:17 59811
Қазақстан мен Ресей АӨК ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады
Достарға айту
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында ірі агроөнеркәсіптік кешендер мен ғылыми орталықтарды аралады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мираторг" АӨХ геномдық селекция орталығында министрге асылдандыру жұмыстарының қолданылатын әдістері туралы айтылды. Олар ДНҚ тізбегін зерттеуге негізделген, бұл ерте жастағы жануарлардың асыл тұқымды құндылығын болжауға мүмкіндік береді, ал дәстүрлі әдістер бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Орталық жылына 400 мың ДНҚ зерттеуін жүргізеді және өнімділік бойынша әлемдегі ең үздік 10 генетикалық ветеринарлық зертхананың қатарына кіреді.
Абердин-ангус тұқымы мен ірі қара малдың танымал сүт тұқымдары үшін асыл тұқымды құндылықтың отандық геномдық индексін құру, ет пен сүттің сапасын жақсарту кезінде өндіріс құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба қысқа мерзімде асыл тұқымды жұмыстың тиімділігін арттыруға, мал өсірушілерді сапалы генетикалық материалмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ҚР АШМ өкілдері "Смена" толық циклді селекциялық орталығына барды.
Мұнда ет бағытындағы тауықтардың отандық кроссын іріктеу жолға қойылған, ең заманауи жабдықтар мен құспен жұмыс істеудің озық технологиялары пайдаланылады. Кешенге балапандар өсіруге және іріктеуге арналған құс фермасы; ересек селекциялық табынды ұстауға арналған екі ферма, жылына шамамен 26 млн тәуліктік тауық өсіруге арналған инкубаторий кіреді. "Смена" СГО- да 300-ден астам адам жұмыс істейді - бұл ғылыми қызметкерлер, селекционерлер және басқа да бейінді мамандар.
Делегация жұмыс сапарын "Луховицкий көкөністері" жылыжай комбинатына барумен аяқтады.
Кәсіпорын Мәскеу облысындағы қорғалған топырақ қиярының жетекші өндірушісі болып табылады. Луховицкий көкөністеріндегі жабдық жыл бойы қызанақ пен қияр өсіруге мүмкіндік береді. Бір жыл ішінде кешенде 40 мың тоннаға дейін көкөніс жиналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.01.2025, 11:21"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар 31.01.2025, 11:27 19361Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 18176"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 17396Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды31.01.2025, 16:55 12346Алматыда Digital Almaty 2025 цифрлық форумы өтуде
28.01.2025, 17:17 60531Алматыда ұзақ салынған ірі құрылысты бұзуға кірісті28.01.2025, 17:07 60471Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді27.01.2025, 16:50 57091Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады27.01.2025, 16:46 57086Астық экспорты, инвестициялық жобалар және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту: Бектенов пен Чунлинь осы мәселелрді талқылады28.01.2025, 16:59 55481ЖЖМ бағасы ақпан айынан бастап өседі - Энергетика министрлігі
24.01.2025, 16:38 131876Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 129141Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128826Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 126106Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1215612024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді