03.08.2022, 17:27 9406

ҚР солтүстікті газдандыру бойынша Ресеймен техникалық шарттарды пысықтауда

Бастапқы кезеңде Ресейден 4 млрд текше метр газ алынатын болады.
ҚР солтүстікті газдандыру бойынша Ресеймен техникалық шарттарды пысықтауда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - Еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандырудың ең оңтайлы нұсқасы - газды Ресейден тарту. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. 
 

Солтүстік пен шығысты газдандыру мәселесі бірнеше мәрте талқыланды. Егер біз бұл жұмысқа бүгін кіріскіміз келсе, онда ең оңтайлы нұсқа – бұл газды Ресейден тарту. Ол экономикалық тұрғыда ең оңтайлы нұсқа әрі газбен жабдықтауда да тұрақты болады. Мұндай келіссөзді QazaqGaz компаниясы арқылы "Гапроммен" жүргізіп жатырмыз. Ведомство деңгейінде де алдын ала келіссөз жүргіздік. Қазіргі уақытта техникалық шарттары әзірленіп жатыр", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

 
Оның айтуынша, бастапқы кезеңде Ресейден 4 млрд текше метр газ алынатын болады. Дегенмен, оны еліміздегі көмір стансаларының газға көшуіне байланысты 10 млрд текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік бар. 
 

Бағасы тұтынушылармыз үшін қолжетімді болғанын қалаймыз. Бізде Оңтүстік пен Нұр-Сұлтан қаласында баға барынша жоғары екенін білесіздер. Шамамен осы деңгейде болады. Өйткені, ол импортталатын газ. Әлі де келіссөз жүргізіп, уағдаласу қажет. Түрікменстанмен де келіссөз болды. Бірақ, еліміздің шығысы мен солтүстігін газдандыру үшін оларды қарастырып отырған жоқпыз. Өйткені, ол жақтан газ құбыры тартылмаған. Сондықтан бүгінде Ресейден құбыр тарту, одан кейін оны біздің энергия жүйемізбен қосу жеңіл болады. Бірақ, оған да уақыт керек", - деді Болат Ақшолақов.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны