02.03.2021, 19:42 10457

Сауда министрлігі: тұрақтандыру қорларындағы өнімдер бағаны ұстап тұру үшін жеткіліксіз

"Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2%-нан 1,4%-ына дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді".
Нұр-Сұлтан. 2 наурыз. Kazakhstan Today - 23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік туарлары бағаларының өсуі 2,4% деңгейінде тіркелді. Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағалары өсім көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тұрақтандыру қорлардың көлемі жеткілікті емес, яғни 3,7 млрд теңгеге 25,4 мың тонна қалыптастырылған. Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2%-нан 1,4%-ына дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді", - деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

 
Сондай-ақ, ол тұрақтандыру қорларының өздері де тиімді қалыптаспайтынын атап өтті. Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың, қарақұмық жармасының, күнбағыс майының және жұмыртқаның бағалары едәуір өсті. Бұл ретте, жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды
 
Сауда министрлігінің ақпараты бойынша, нарықтық құралдар өздерінің тиімділігін көрсетті. Бұл форвардтық сатып алу және "айналым схемасы".
 

Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттерден 21,9 млрд теңге бөлінді. Механизм тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды "қолымен басқару" режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек", — деді Б. Сұлтанов.

 
Сонымен қатар, ол Премьер-Министрге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін күшейту ұсынысымен жүгінді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны