10.01.2023, 10:13 25086

Қытай Қазақстанмен мемлекеттік шекарадағы карантиндік шектеуді алып тастады

Қытай Қазақстанмен мемлекеттік шекарадағы карантиндік шектеуді алып тастады
Сурет: gov.kz
Автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері, сондай-ақ олардың көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс

Астана. 10 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде қытай тарапы бұрын енгізілген шектеу және карантиндік шараларды алып тастайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қытай тарапы көлік құралдарының ҚХР аумағына кіру мүмкіндігімен тасымалдаудың пандемияға дейінгі форматына оралуымен автокөлік құралдарын қабылдауға ниетті. Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері, сондай-ақ олардың көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

Шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар сыртқы экономикалық қызметке бірқатар қатысушылардың наразылығын тудырды, себебі олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығындарға ұшырады", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.


Естеріңізге сала кетейік, Қытай туристер үшін антиковидтік шектеулерді алып тастауда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны