14.12.2021, 20:24 393070

Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі қысқартылды

Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі қысқартылды
НҰР-СҰЛТАН. 14 ЖЕЛТОҚСАН - Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді. Пайдалану мерзімі 20 жұмыс күніне дейін болады. Бұл туралы Otbasy Bank-тің Facebook-тегі парақшасында хабарланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 

Енді БЗТ қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі. Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражаты 20 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі", - делінген хабарламада.

 
Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ. Жай ғана "Otbasy bank" мобильді қосымшасын жүктеп алып, онлайн ашыңыз. Сондай-ақ, www.otbasybank.kz сайтындағы бейне қоңырау арқылы ашуға да болады. 
 
Сонымен қатар, чат-бот арқылы өзіңіздің БЖЗҚ Біржолғы Зейнетақы Төлемдеріңіздің қай сатыда тұрғаны тексеруге болады. 
 

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы қолдану кезінде жолдаған өтінімдеріңіз қай сатыда екенін тексеру үшін +7 705 925 13 01 нөміріне WhatsАpp арқылы немесе Telegram-да Quanysh_bot жазыңыз", - деп атап өтті "Отбасы банкінде".

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны