21.11.2022, 11:16 9741

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді 2024 жылға ауыстырғысы келеді

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді 2024 жылға ауыстырғысы келеді
Астана. 21 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 897 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулы жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
 

Кіріспенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген құжатта.

 
Жобаны қабылдаудың мақсаты жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2023 жылдан 2024 жылға ауыстыру.
 

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңымен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімі 2024 жылға ауыстырылады, осыған байланысты қаулыны енгізу мерзімін 2024 жылға өзгерту қажет", - делінген құжаттың негіздемесінде.

 
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Бұған дейін Еңбек министрлігінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу туралы айтылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны