05.11.2021, 18:01 28973

Азаматтарға 34 млн теңге көлемінде залал келтірген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды

Азаматтарға 34 млн теңге көлемінде залал келтірген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАРАША - Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан 16.09.1989 ж.т. Қазақстан Республикасының азаматы Айдос Қанатұлы Шәріповты экстрадициялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналасу сылтауымен жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деп күдіктенеді. Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

 
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.
 
Қазіргі уақытта А.Қ. Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны