Алматыда пышақпен қаруланған жастар өтіп бара жатқан адамдарды тонаған
Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған.
Сурет: Depositphotos
Медеу ауданының полиция қызметкерлері сериялық тонау дерегін анықтады.
ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1,4-тармағында көзделген – тонау, яғни ұрлық мақсатында бөтеннің мүлкіне күш қолдану арқылы адамдар тобының сөз байласуы бойынша қару қолданумен жасалған ұрлық, қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 17 жастағы Д. есімді азамат, Ж. есімді азамат, Н. есімді азамат және 19 жастағы Б. есімді азамат ұсталды. Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Оның айтуынша, бір қызығы, "квартет" саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген. Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған.
Аталған адамдар ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталғандардың жалпы Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Ал аталған күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары Медеу аудандық ПБ-ға келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (727) 254-48-02; 8-702-476-66-60.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.