Біз сіздермен кеше Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ орталығын құру туралы маңызды шешім қабылданғаннан кейін кездесіп отырғанымыз назар аудартады. Мемлекет басшысының бастамасын БҰҰ Бас Ассамблеясына мүше барлық ел бірауыздан қолдағаны қуантады. Бұл - жоғары сенім мен үлкен жауапкершіліктің белгісі. Бүгінгі диалог агроөнеркәсіп кешені мен су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Қазақстан дәнді және майлы дақылдар өндіру мен экспорттау бойынша Орталық Азия өңірінде көшбасшы ел саналады. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді белсенді дамытып, жоғары деңгейде өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізуге ниеттіміз. Алдағы үш жылда АӨК-те құны $4,8 млрд-ты құрайтын 600-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсаттарға қол жеткізуде FAO маңызды стратегиялық серіктес болып отыр", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстан инновациялық тәсілдер мен технологияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ қаржыландыру мен инвестицияға қолжетімділікті жақсартуға белсенді ұмтылуда. Қазақстан 2018 жылғы шілдеде Қазақстан Үкіметі мен FAO арасындағы негіздемелік келісімді ратификациялады. "FAO-Қазақстан әріптестік бағдарламасы" (ФҚӘБ) осы келісімнің ажырамас бөлігі болып саналады. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыратын ФҚӘБ-тың негізгі бағыттары азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, агробизнесті цифрландыру, ресурстарды тұрақты басқару және экспорттық әлеуетті дамыту, бұл ауылдық аумақтардың орнықты өсуіне және ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға ықпал етеді", - деді Виорел Гуцу.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.