19.12.2022, 09:05 27836

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті заңсыз иемденудің екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады

Залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады
Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті заңсыз иемденудің екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады
Сурет: Polisia.kz
Астана. 19 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады. Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.

Сатыбалды Г., оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.


Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді.

Сатыбалды Г.-ға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда", - деп түсіндірді Антикорда.


Бұған дейін хабарланғандай, шілде айында Бас прокуратура Қайрат Боранбаевқа, Қайрат Сатыбалдыұлына, Гүлмира Сатыбалдыға, "ӨКМ" ЖШС басшыларына қатысты істерді тергеу аясында мемлекетке қайтарылған сомаларды жариялады.

Қараша айының басында Қазақстанға құны 230 миллион доллардан асатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдардың қайтарылғаны белгілі болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны