06.04.2023, 12:44 26981

Қылмыстық билік Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды
Қылмыстық билік Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Сурет: Depositphotos
Алматы. 6 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қаңтар оқиғасына байланысты күдікке ілінген Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды.
 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. А.Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген ресми хабарламада.

 
Естеріңізге сала кетейік, Арман Жұмагелдиевке 2022 жылғы қаңтар айының басында қаруды заңсыз сақтағаны және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін айып тағылып отыр.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны