Қаңтар оқиғасы: сотқа 474 қылмыстық іс жіберілді
Сурет: polisia.kz
Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін немесе процестік келісім жасалғаннан кейін істер бірден сотқа жолдануда. Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 717 адам сотталды", - деді Сәбитов.
Бас прокуратураның өкілі жалпы қаңтар оқиғаларының нәтижелерінде елімізде 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркелгенін атап өтті.
Жаппай тәртіпсіздіктерге ұйымдасқан қылмыстық топтар, деструктивті діни ағымдардың мүшелері және бұрын сотты болған адамдардың қатысқаны арнайы прокурорлармен анықталды.
Бүгінгі күні барлық қылмыстық істер бойынша 286 күдікті қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқандығы анықталды. Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы туралы жеткілікті мәліметтер бар", - деді спикер.
БП өкілінің айтуынша, олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмек және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде.
Оның айтуынша, қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды.
Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу органы даусыз дәлелдерді жинау және барлық қатысы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде.
Жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша жүргізілуде. Мыңнан астам адам істер бойынша күдікті ретінде танылды. Әрқайсысымен жауап алу, беттестіру, айғақтарды орнында тексеру және нақтылау сияқты және басқада кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеу бар. Міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады", - деді Сәбитов.
Ол қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдырып жатқанын айтты.
Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда. Мысалы, Тараз қаласы сотының үкімімен Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған "Макаров", "Стечкин" жүйесінің жауынгерлік тапаншаларын және оқ-дәрілерді сақтағаны және тасымалдағаны үшін жергілікті тұрғын сотталды. Аталған азамат өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу органдарына көмек көрсетті. Осы жағдайларды ескере отырып, оған екі жыл шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - деді Бас Прокуратура өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.