04.01.2023, 08:24 20236

Алматы облысының тауларында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды

Зардап шеккендер жоқ
Алматы облысының тауларында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды
Алматы. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы облысының тауларында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды. Олармен бірге тағы 40-қа жуық автокөлік табылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20-30-да Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен", - деп хабарлады ҚР ТЖМ.


Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының екінші тобы Түрген-Батан-Обсерватория жолымен бірінші топқа қарсы жүріп келген.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданында Шелік ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы қыратына қарай шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалып кеткен адамдар ТЖМ бірнеше мәрте айтқан ұсынымдарына қарамастан, жоспарланған туристік маршруты туралы облыстық ТЖД-не айтпаған. Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы өтімділігі жоғары техникамен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, аудандық ішкі істер бөлімі мен волонтерлер жүргізді, сонымен қатар дрон жұмылдырылды. Сонымен қатар, сағат 15-00-де әуе кемесін тарту жоспарланған болатын, алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты әуе кемесін тарту мүмкіндігі болмады. Жоғалған адамдар іздеу тобына қарай баяу жүріп, спутниктік байланыс бағытын үйлестірді. Сағат 20-30-да екі топ кездесті. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деді ТЖМ.


Алматы облысы ТЖД-да іздестіру кезінде қауырт желі, сондай-ақ психологиялық қызмет жұмысы ұйымдастырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны