15.02.2022, 18:30 26956

Алматыда қаңтардың тәртіпсіздіктеріне қатысы бар "Қазақстандықтар" ҰҚТ басшылары ұсталды

Алматыда қаңтардың тәртіпсіздіктеріне қатысы бар "Қазақстандықтар" ҰҚТ басшылары ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК
АЛМАТЫ. 15 АҚПАН - ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын "Қазақстандықтар" ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Топтың ұсталған 6 мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы көптеген қылмыстарға (қорқытып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бар", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 бірлік атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ ү.ж. қаңтарда маролерлікке қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, "ПР" дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді.
 

Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қ. бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деп хабарлады комитетте.

 
Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар "көмбелерді" көрсетуге ойысты. 
 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі "көмбе" анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
 
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны