01.03.2023, 14:15 27156

Алматыда адам ұрлаудың жолы кесілді

Ер адамды көліктің жүк салғышына салып алып кетпек болған
Алматы. 1 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы полицейлері адам ұрлаудың жолын кесті. Ер адамды көліктің жүк салғышына салып алып кетпек болған.

Қылмыс кеше кешкісін қаланың Алмалы ауданында орын алған", - деп хабарлайды Polisia.kz.


ЖБО жедел кезекшісінен Chevrolet көлігіне адамды күштеп отырғызу туралы хабарлама келіп түсті. Қала бойынша арнайы "Перехват" жоспары енгізілді.


Аталған көлік Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында көзге түскен. Ізіне түсу нәтижесінде көлікті екі экипаж Мақатаева мен Жетісу көшелерінің қиылысында жауып тастады. Салонда үш адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылды, ол аталған көліктің иесі екендігі белгілі болды", - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ППП взводының командирі Мейіржан Қалкеев.


Күдіктілер жедел-тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Ұсталғандардың айтуынша, Chevrolet көлігінің иесі оларды ірі көлемдегі ақшаға алдап кеткен. Осылайша олар қарызды қайтарып алмақ болды.

Ал жәбірленуші керісінше айтып отыр, оны құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді", - деді полицияда.


Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны