13.07.2021, 21:56 8908

Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы қамауға алынды

Алматы қаласының полициясы "ACD Tehnology" негізін қалаушы, 1971 жылы туған М. есімді азаматтың ұсталғандығын хабарлады.
АЛМАТЫ. 13 ШІЛДЕ - Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы қамауға алынды.
 
Polisia.kz хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD technology" ЖШС, "MUDARABAH CAPITAL" ЖШС және "MUSHARAKAH CAPITAL" ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде, Алматы қаласының полициясы "ACD Tehnology" негізін қалаушы, 1971 жылы туған М. есімді азаматтың ұсталғандығын хабарлады.
 

Бұрын хабарланғандай, басты тұлға – К. есімді азамат ұсталды және қамауға алынды. Кейінірек тағы екі күдікті – Р. есімді азаматша мен М. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілері жүргізуде. Жоғарыда аталған ЖШС жұмысшыларының қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар бізге мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 777 025 65 86 және 8 701 624 28 24", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

 
Сонымен қатар, Алматы прокуратурасы бүгін тағы бір қаржы пирамидасы - Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. The Finiko компаниясы әлеуметтік желілердің мониторингімен азаматтардың ақшалай қаражатын ай сайын енгізілген соманың 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беру шартымен тартқан. 
 
Компанияның сайтына сәйкес салымшылардың саны әртүрлі елдерден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады.
 
Әлеуметтік желілердің мониторингі қаржы пирамидасын анықтауға көмектесті.
 

Алматы қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның қызметіне талдау жүргізді және қаржы пирамидасының белгілері туралы қорытынды берді", - деп хабарлайды Бас прокуратураның сайты.

 
Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың 7 шілдесінде Finiko компаниясының қызметі заңсыз деп танылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны