11.07.2022, 16:48 20981

Қазақстанда интернет-алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды

Келтірілген шығын 106 миллион теңгеден асты.
Қазақстанда интернет-алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 11 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасы ІІМ киберқылмыспен күрес бөлімшесінің жедел уәкілдері Павлодар облысы және Алматыдағы әріптестерімен бірге Қазақстан мен Ресей азаматтары болып табылатын 15 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
 

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында алаяқтық әрекеттерде Қазақстанның әртүрлі қалаларында тұратын жалған тұлғаларға ресімделген 10-ға жуық банк карталары пайдаланылғаны анықталды. Бес қатысушыға қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта топ қатысушыларының интернет-алаяқтықтың алты эпизодына ықтимал қатыстылығы анықталды, келтірілген шығын 106 миллион теңгеден асты", - деп хабарлайды Polisia.kz.


 
13-22 маусым аралығында өз пәтерін сатқан Алматы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Ол бірнеше траншпен сатылымнан түскен 23 миллион теңгені алаяқтардың шоттарына аударған. Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші 24 маусымда құқық қорғау органдарына жүгінді.
 
ІІМ-де әдетте мұндай қылмыстарды жасауда үшінші тұлғаларға ресімделген банктік шоттар мен карталар қолданылатынын атап өтті, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін "жалған" адамдар қолданылады. Қоңыраулар үшін алаяқтар абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша бағдарламаларды пайдаланады. Бұл әрекеттердің барлығы ықтимал құрбандардың банктік карталары мен депозиттеріне қол жеткізуге, одан әрі олардан ақша аударуға немесе несие алуға бағытталған.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны