07.11.2022, 16:09 13521

Азаптауды қолданғаны үшін сегіз полиция қызметкеріне қарсы екі қылмыстық іс қозғалды

Азаптауды қолданғаны үшін сегіз полиция қызметкеріне қарсы екі қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Рolisia.kz
Астана. 7 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қаңтар оқиғасы бойынша полиция органының 8 қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.
 

Алматы және Талдықорған қалаларында тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері бойынша полиция органының 8 қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды", - деді Е. Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

 
Оның айтуынша, жалпы, құқық қорғау және арнаулы органдардың 29 қызметкері күдікті ретінде танылды.
 

Оның 8-і сотта, 20-сы бойынша іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр, ал біреуі бойынша тергеу жалғасып отыр", - деді Бас прокуратура өкілі.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны