06.12.2022, 17:07 20651
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қамауда ұстау 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды
Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды.
Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды",- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Бас прокуратура Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің рақымшылыққа ілінбейтінін мәлімдеген болатын.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.12.2024, 12:41 1596
Ақтауда ұшақ апаты: 38 адам қаза тапты
Достарға айту
Қазіргі уақытта оқиға орнында ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жалғасуда. Оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылды. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Әзербайжан ТЖМ қызметкерлері тартылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадалары ұшақ апатқа ұшыраған жерде авариялық-құтқару жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуді жалғастыруда. Апаттар медицинасы орталығының психологтары Ақтау қаласына келген туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.
Кеше авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған құтқарылды және ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандардың 38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар кеше іздеу тобының нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел штабтар мен жедел желі телефондары жұмысын жалғастыруда: 8-7172-55-96-21, 8-7172-55-96-83, 8-7292-31-90-91. Жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1 063 өтініш түсті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 25 желтоқсанда сағат 11.00-де Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының әуе кемесіндегі авариялық жағдай туралы ақпарат алғанан соң Ақтау қаласы әуежайының ауданына Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.
Сағат 11.30-да әуежайдан 3 км жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Салдарынан ұшақтың фюзеляжының екі көлденең бөлікке (қиранды арасындағы қашықтық 300 м) ақауы пайда болды, содан кейін ұшқыштар кабинасының маңында өрт шықты.
Сағат 11.35-те келген құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті, ал сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.
Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.
Оқиға салдарын жоюға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінен, Ұлттық ұланнан, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтінен, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергілікті атқарушы органдардан 492 адам, 102 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп, оның ішінде Астана қаласынан барған санитарлық борт жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2024, 12:32 1711
ТЖМ ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімін жариялады
Достарға айту
Ұшақ апатынан алты Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі:
Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.
Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж.т., туылған жері: Алматы қ., Астана қаласының тұрғыны.
Жұмағат Эльдар 23.08.2013 ж.т., Астана қ. тұрғыны.
Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж.т., туылған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2024, 16:59 7016
Жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді
Достарға айту
Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімі деңгейінде сұрыптау жүргізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жеткізілген жағдайы ауыр 27 адамның 11-і реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, операцияға дайындалуда.
Жеткізілген 27 адамның жағдайы ауыр 10 адамы реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханаға 2 бала түсті.
Апат орнына 22 жедел жәрдем бригадасы мен 6 АМО (Апаттар медицинасы орталығы) бригадасы және 4 жеделділік санатындағы 2 бригада жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2024, 12:21 7886
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады
Достарға айту
Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Қазақстан көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланады. Арнайы тергеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, ТЖМ ұшақ апатқа ұшыраған жерге жеке құрамның 52 адамы және ТЖМ 11 техникасы жұмылдырылғанын хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:51 20656
Алматы облысында биыл үш мыңға жуық жол-көлік оқиғасы болды
Достарға айту
Алматы облысында биыл үш мыңға жуық жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың басынан бері жолдарда 2 829 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың салдарынан 112 адам қаза тапты. Мыңнан астам адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Әсіресе, балалар өлімі мен жарақаттануы туралы деректер ерекше алаңдаушылық тудырады: 1 022 бала жарақат алып, 47 бала қаза тапты.
ЖКО-ның негізгі себептері өзгеріссіз қалуда - бұл жүргізушілердің тәртіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы, жылдамдық режимін сақтамауы, зейінсіздігі және агрессивті көлік жүргізуі. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің жол ережелерін өрескел бұзуы да қайғылы салдарға жиі әкеледі", - деді полиция қызметкерлері.
Бұл көрсеткіштер - жол қозғалысына қатысушылардың барлығына ескерту болып табылады. Осы қайғылы оқиғалардың әрқайсысы қарапайым ережелерді сақтау арқылы алдын алуға мүмкін еді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді тағы да сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырады. Өз қауіпсіздігіңізді қадағалап қана қоймай, басқа жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін де ескеру маңызды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілген жерлерден ғана кесіп өтіп, бағдаршамға бағыну керектігін ескертеді", - деп атап өтті ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2024, 11:21 23871
Электр жабдықтау станциядағы өрттің салдарынан Аягөз қаласының біраз бөлігі жарықсыз қалды
Достарға айту
18.12.2024 жылы сағат 23.30-да Аягөз ауданының 101 төтенше жағдай желісіне "Біріккен энергосервистік компаниясы" АҚ-на қарасты электр жабдықтау станциясының ( подстанция) жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Өрт сөндіруге 4 өрт сөндіру көлігі, 15 қызметкер жұмылдырылды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде сағат 23:59-да өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Қалпына келтіру жұмысы нәтижесінде Мамырсу ауылдық округі және Аягөз қаласынан басқа барлық ауылдық округтер электр энергиямен толығымен қамтамасыз етілді.
Қала бойынша бірінші кезекте орталықтандырылған 6 жылу қазандығын іске қосу қолға алынды. Қазір олардың 5 уі жұмыс істеп тұр. 1 -ін іске қосу жүзеге асырылуда. Тұрғындарға электр қуатын беру жұмысымен "Біріккен энергосервистік компаниясы" АҚ қызметкерлері айналысуда.
БЭСК" АҚ Үржар, Жарма аудандары мен Өскемен және Семей қалаларынан келген 7, сондай-ақ Аягөзден 3 бригада жөндеу жүргізуде. Қалпына келтіру жұмысына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2024, 11:30 34501
Сарыағашта ЖКО салдарынан 20-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 7 мыңға жуық жеке үй газсыз қалды
Достарға айту
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында сағат 22:05-те "QazaqGaz Aimaq" АҚ Сарыағаш аудандық газ шаруашылығының авариялық-диспетчерлік қызметінің пультіне Сарыағаш қаласы, Шымкент көшесі (республикалық маңызы бар тас жолы) мекенжайы бойынша газ құбырының зақымдалғаны және газдың шығуы туралы өтінім келіп түсті.
Оқиға орнына авариялық бригада 10 минуттан кейін, сағат 22:15-те келді. Мамандардың анықтауынша, апаттың себебі BMW маркалы автокөліктің жоғары қысымды жер үсті газ құбырына соғылуы болған. Автокөлік соққысының салдарынан екі жерде газ құбыры толықтай істен шықты, сондай-ақ 40 қума метрден астам газ құбыры деформацияланды, деп көрсетілген компанияның хабарламасында.
Авариялық бригада газдың шығуын жедел түрде оқшаулап, ысырманы жауып, сүргі салынды, ықтимал салдардың алдын алды. Сондай-ақ, оқиға жөнінде техникалық акт жасалды.
Апат салдарынан:
21 өнеркәсіптік кәсіпорын;
153 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын;
6 821 жеке сектор абоненті газбен жабдықтаусыз қалды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
Зақымдалған газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Оқиға орнына "QazaqGaz Aimaq" АҚ авариялық-қалпына келтіру қызметінің 40-тан астам қызметкерден тұратын жеті бригада жұмылдырылды.
11 желтоқсанда сағат 03:00-ден 03:30-ға дейін зақымданған учаскедегі тарату газ құбырларының герметикалығына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Ең алдымен стратегиялық маңызы бар объектілерге (аурухана, емхана, мектептер, балабақшалар және жергілікті полиция ғимараты) газбен жабдықтау қалпына келтірілді.
Түнгі уақытты және газ қауіпі бар жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізу қажеттілігін ескере отырып, сағат 09:00-де жеке сектор мен кәсіпорындарды қайта қосу бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 13:00-ге дейін газбен жабдықтау толығымен қалпына келтіріледі деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2024, 09:57 36636
Қостанайда сауда үйінде өрт шықты
Достарға айту
Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін Қостанайда Складская көшесіндегі сауда қатарында екі дүкен шатырының жануы орын алып, павильондардың бір-біріне жақын орналасуына байланысты өрттің таралу қаупі төнді.
Жақын тұрған сауда нүктелерін оқпандармен салқындата отырып, өрт сөндірушілер өртті жойып, кәсіпкерлердің мүлкін өрттен құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.12.2024, 12:03Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия құрды 26.12.2024, 12:45 4701Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді26.12.2024, 12:32 1736ТЖМ ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімін жариялады26.12.2024, 12:41 1486Ақтауда ұшақ апаты: 38 адам қаза тапты26.12.2024, 15:01 1366Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден астам қаражатты шетел валютасында сақтайды
20.12.2024, 19:59 97576Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:44 96071Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 85321Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті20.12.2024, 12:52 82796ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда20.12.2024, 17:06 77816Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
12.12.2024, 17:30 111871Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 111226Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 106831ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 102776Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 102646Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады