08.09.2022, 16:20 22961

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде

Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде
Сурет: pexels
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді", - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде.

 
Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
 
Сонымен қатар, Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.
 

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады. Күдікті адамдар күзетпен ұсталуда. Тергеу жалғасуда", - деп толықтырды агенттікте.

 
Бұған дейін Бас прокуратура Сатыбалды мен Боранбаевқа қатысты істің мән-жайы жариялағаны хабарланған болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, Боранбаевты наурыз айында Қаржылық мониторинг агенттігі ірі ұрлық жасады деген күдікпен ұстаған болатын. Қайрат Сатыбалды ұсталғаны туралы ақпарат 13 наурызда белгілі болды. Ол "Қазақтелеком" АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеу Қайрат Сатыбалды бақылауындағы кірме темір жолдардың меншік иелері компанияларының тарапынан ұрлықтың қосымша фактілерін анықтады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны