25.08.2022, 16:30 19896

ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі бойынша тергеуді аяқтады

ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі бойынша тергеуді аяқтады
Сурет: www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. 25 ТАМЫЗ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану)", - деп хабарлады ҰҚК.

 
Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
 
Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);
 
Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.
 
Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. 
 
Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа ү.ж. 6 қазанға дейін, Ерғожинге ү.ж. 13 қазанға және Өсіповке ү.ж. 22 қазанға дейін ұзартылды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Мәсімовтің ісі ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергелуде. Олардың ішінде: пара алу, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасау.

Бұған дейін тергеу кезінде белгіленген Мәсімовтің мүлкіне тыйым салынғаны хабарланған болатын. Мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешімді сот қабылдайды. ҰҚК экс-басшысына қатысты қылмыстық іске "өте құпия" деген белгі берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Кейін ҰҚК іс бойынша билікті күшпен басып алуға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталғанын нақтылады.

Мәсімовпен қатар ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары: "А" арнайы тағайындау қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталып, іс бойынша өтуде.



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны