07.09.2021, 22:48 6491

LV Force қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Ақмола облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті "LV Force" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі таңда еліміздің 8 өңірінде қаржы пирамидасының филиалдары жабылып, бас ұйымдастырушы ұсталды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Жаңа салымшылардың жарналары есебінен заңсыз байытудың қылмыстық схемасына азаматтар үгіт-насихат және мессенджерлер мен электрондық пошталар арқылы хабарламалар жіберу арқылы тартылған.
 

Агенттік азаматтарды абай болуға және қысқа мерзімде үстеме пайда алудың күмәнді ұсыныстарынан бас тартуға шақырады. Құрметті азаматтар! Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз "LV Force" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен болса, Ақмола облысы бойынша ЭТД телефонына хабарласуыңызды сұраймыз +7 7162 25 62 84, +7 747 666 25 37. Басқа аймақтардың тұрғындары тұрғылықты жері бойынша ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне хабарласа алады",- деп атап өтті ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны