09.07.2021, 23:05 17566

Ұлытау ауданында барлық дала өрттері жойылды

Олардың жалпы ауданы 36 538 гектарды құрады.
ҚАРАҒАНДЫ. 9 ШІЛДЕ - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында табиғи өрттердің жағдайы тұрақталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұлытау ауданы бойынша барлық өрттер толығымен жойылды. Олардың жалпы ауданы 36 538 гектарды құрады", - деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 

Ұлытау ауданының екі ауылдық округі - Жангелді және Ақтасты аумағында 28 000 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт 7 шілде сағат 18:10-да ауыздықталып, 8 шілде сағат 21:00-де жойылды. Шеңбер ауылдық округінде, Қорғасын ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде, 4 шілде күні сағат 19:20-да 4 700 га алаңда құрғақ шөп өртенді (7 шілде сағат 17:20-да орнатылды). Өрт 7 шілде күні сағат 17:20-да ауыздықталып, 8 шілде күні сағат 21:00-де сөндірілді. Дәл сол ауылдық округте, бірақ Қорғасын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде 3 500 га құрғақ шөп жанды. Тілсіз жауды 8 шілде күні сағат 21:00-де сөндіре алды. Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан батысқа қарай 70 км жерде 3 600 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт 8 шілде сағат 21:00-де жойылды. Өртті сөндіруге барлығы 540 адам мен 70 бірлік техника жұмылдырылды", - деп нақтылады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

 
ТЖД ақпараты бойынша, ыстық ауа-райы және күшті жел өртті сөндіруде қиындық туғызып, өрттің тез таралуына ықпал етті.
 
Бұған дейін Ұлытау ауданында дала өрттеріне байланысты ТЖ режимі жарияланғаны хабарланған болатын. Өрт кезінде бір адам қаза тауып, 200-ден астам мал қырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны