17.03.2022, 18:47 35211
ҚМА Қайрат Боранбаевты ұстады
Сурет: Pexels.com
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігімен квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеуде. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қ.С. Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
17 наурызда сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА «Қазақтелеком» АҚ тең иелерінің бірі Қайрат Сатыбалдыұлын ұстаған болатын. Ол қызмет бабын асыра пайдаланды және «Қазақтелеком» АҚ-ның ірі көлемде қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.01.2025, 08:11 9946
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды
Достарға айту
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрді.
Құтқарушылар көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.
Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады. Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 11:44 22061
Алматыда зауыт ғимараты өртенді
Достарға айту
Алматыда зауыт ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді.
Нақтыланған мәліметтерге сәйкес екі қабатты полиуретан желімін өндіретін цехта 250 ш.м. алаңда өрт шыққан.
Өртті сөндіру цехтың өндірістік процесінде айналатын тез тұтанғыш сұйықтықтардың, уытты заттардың жоғары жанғыш жүктемесі болуымен күрделенді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 16:14 34486
"Қазақмыс" шахтасында жұмысшы қаза тапты
Достарға айту
Қазақмыс" компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің "Анненск" шахтасында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
Қазақмыс басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2025, 15:18 34221
Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды
Достарға айту
Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды. Полиция қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қаңтар күні сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау - Ақтау - Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара - Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған.
Бақытымызға қарай, зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 14:56 52626
Алматыда 10 мыңнан астам пәтер мен үй тұрғындары газсыз қалды
Достарға айту
QazaqGaz Aimaq" АҚ 2025 жылғы 16 қаңтарда үшінші тараптардың кәріз құбырларын төсеу үшін жүргізген жер қазу жұмыстары барысында белгісіз тұлғалар QazaqGaz Aimaq-тың орташа қысымды жерасты газ құбырының учаскесіне зақым келтіргенін хабарлайды. Оқиға асфальт жабынын тесу кезінде жеке тұлғалардың біліктілігі жеткіліксіз әрекеттерінің нәтижесінде орын алды, деп хабарлайды QazaqGaz Aimaq.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы газ құбырының зақымдалған учаскесінің авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел орындауға кірісті.
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде келесі объектілерге газ беру уақытша тоқтатылады:
- көпқабатты тұрғын үйлердегі 8 048 пәтер;
- жеке сектордағы 2 543 үй;
- 67 коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындар.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, біз жергілікті тұрғындардан жұмыстарды жүргізу уақытында газ крандарын жабуды және іске қосу-жөндеу іс-шаралары аяқталғанға дейін крандарды ашпауды сұраймыз.
Компания сондай-ақ инженерлік коммуникацияларға жақын кез келген жұмыс тек тиісті органдардың рұқсатымен және барлық қажетті қауіпсіздік нормалары мен стандарттарын сақтай отырып жүргізілуі тиіс екенін еске салады.
Құрметті азаматтар, күнделікті өмірде табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ұмытпаңыз. Газдың иісі немесе газдың ағып кетуіне күдік анықталған жағдайда, 104 нөмірі бойынша "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлаңыз.
Компания қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 10:10 56526
Ақтау маңындағы ұшақтың апатқа ұшырауы - Көлік министрлігі мәлімдеме жасады
Достарға айту
ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасуда.
Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді", деп мәлім етті министрлік.
Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 14:09 59221
Петропавл 2-ЖЭО-да апат болды
Достарға айту
15 қаңтарда сағат 6:32-де Петропавл 2-ЖЭО-да деаэратор аймағында қоректік су жүйесіне локалды зақым келді, станцияның негізгі жабдықтарын өшіруге себеп болған, штаттық режимде автоматика іске қосылды.
Мамандар жедел зақымдануды оқшаулады және қазіргі уақытта жүйені қалпына келтірумен айналасуда.
Жеке қажеттіліктер мен жылу тасығыштың айналымы, демек, тұтастай алғанда қаланы жылумен жабдықтау зардап шеккен жоқ, бірақ жылу тасығыштың параметрлерінің қысқа мерзімді шамалы ауытқулары болуы мүмкін. Станцияның жұмыс режимі сағат 17:00-ге дейін қалпына келтіріледі", деп айтылған "СевКазЭнерго"АҚ хабарламасында.
Анықтама:
2023-2024 жылдары Петропавл 2-ЖЭО-да 6 қазандық агрегатына және 2 турбоагрегатқа күрделі жөндеу, 7 қазандық агрегатына және 6 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу, қосалқы жабдыққа жөндеу жүргізілді, №1 түтін мұржасы діңінің құрылыс аяқталды. Сондай-ақ 40Гкал астам жылу қуатын беру үшін №1 турбоагрегат қайта жаңартылуда. Осылайша, станция жылыту маусымының өтуіне дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 11:38 59476
Алматы - Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы орын алды
Достарға айту
Алматы - Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 15 қаңтар сағат 13:40 шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында "Цзефан" автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды.
Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан "Ssang Yong Actyon" автокөлігімен соқтығысты.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.01.2025, 11:21"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар 31.01.2025, 11:27 18021Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 16836"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 16056Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды31.01.2025, 16:55 11006Алматыда Digital Almaty 2025 цифрлық форумы өтуде
28.01.2025, 17:17 60486Алматыда ұзақ салынған ірі құрылысты бұзуға кірісті28.01.2025, 17:07 60421Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді27.01.2025, 16:46 57081Астық экспорты, инвестициялық жобалар және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту: Бектенов пен Чунлинь осы мәселелрді талқылады27.01.2025, 16:50 57076Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады28.01.2025, 16:59 55436ЖЖМ бағасы ақпан айынан бастап өседі - Энергетика министрлігі
24.01.2025, 16:38 131866Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 129131Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128821Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 126101Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1215612024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді