Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды
Сурет: pexels
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына "Мейір құрылыс", "Тыныштық 2018", "Элит Капитель", "МАГМА-2018", "Ашимов и Ко", "A L A T A U K", "S-Industry", "БЕС ҚАСҚА", "ЖОРҒА 2019", "ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020", "Eхcellent", "УГАМ 2018", "005", "Эверест К" ЖШС 14 кәсіпорынды тіркеген.
Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатынсыз құрылған. Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды", - деп хабарлады ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.