17.11.2021, 19:32 57954

Жамбыл облысында қатты жел соқты

Жамбыл облысында қатты жел соқты
Сурет: instagram / onlinetaraz
ТАРАЗ. 17 ҚАРАША - Жамбыл облысында қатты жел елді мекендердегі үйлердің қоршауын бұзып, ағаштарды құлатты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Қатты желдің салдарынан құлаған ағаштар, қоршаулар мен үйлердің шатырлары Тараз көшелеріндегі газ құбырларына зақым келтірді.
 

Авариялық жағдайларды болдырмау үшін газшылар зақымдалған құбырларға газ беруді тоқтатады. Сағат 12.00 - ге дейін Тараз қаласында газ құбырларына ағаштардың құлауының 25 жағдайы тіркелді, Жамбыл ауданында 16, Жуалы және Байзақ аудандарында бір-бірден ағаштың және қоршаулардың газ құбырына құлауы салдарынан газдың ажырауы тіркелді", - деп хабарлайды "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі.

 
Желдің қатты екпініне байланысты газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу әлі мүмкін емес. Жел басылғаннан кейін ғана газшылар бұзылған газ құбырларын қалпына келтірумен және газ жеткізумен айналысады.
 
Полицейлер өңірде желдің күшеюі туралы ескертеді:
 
- Егер қатты жел, дауыл кезінде сіз ғимараттын ішінде немесе үйде болсаңыз, терезелерден жауып, сынуы мүмкін заттарды балконнан алып қауіпсіз жерге қойыңыз. Электр қуатын өшіріңіз, газ желілеріндегі шүмектерді жабыңыз;
 
- егер дауыл, қатты жел кезінде далада болсаңыз жеңіл құрылыстардан, жарнамалық құрылымдардан, көпірлерден, электр беру желілерінен, ағаштардан, өзендерден және өнеркәсіптік объектілерден алыс жүріңіз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, өйткені олар желдің екпінімен құлап кетуі мүмкін;
 
- көлік құралдарын гаражға қойыңыз, гараж болмаған кезде машинаны ағаштардан, сондай-ақ әлсіз нығайтылған құрылымдардан алыс қою керек.

Қалалықтардан тыныштық пен мұқият болуды, үйден ерекше қажеттіліксіз шықпауды сұраймыз", - деді Жамбыл облысы ПД өңір тұрғындарына.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны