16.08.2021, 16:54 7946

Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

ТАРАЗ. 16 ТАМЫЗ - Жамбыл облысында теміржол көпірінің шайылуына байланысты тоқтатылған Аспара-Шу аралығындағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Еске сала кетейік, аталған учаскеде Меркі ауданы тауларында жауған қар аралас жаңбыр салдарынан жергілікті автожол мен теміржол көпірінің негізі шайылып кеткен болатын.
 

Бір жол бойынша пойыздар қозғалысы түнгі сағат 02.15-те ашылды. Бірінші болып контейнерлік пойызды, одан кейін Шымкент - Нұр-Сұлтан қатынасындағы №712 "Тальго" жолаушылар пойызын жіберді. Қарсы қозғалыс таңғы сағат 8.20-да іске қосылды", - деп хабарлады ҚТЖ.

 
Қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына арнайы темір жол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды.
 
Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны