10.08.2021, 15:19 6093

Қазақстанда 10 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 бар 1 966 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 9 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 649 120 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 235 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 161; 
 
Алматы қаласында – 1 486; 
 
Шымкент қаласында – 570; 
 
Ақмола облысында – 263; 
 
Ақтөбе облысында – 223; 
 
Алматы облысында – 170; 
 
Атырау облысында – 627; 
 
ШҚО-да – 220; 
 
Жамбыл облысында – 100; 
 
БҚО-да – 54; 
 
Қарағанды облысында – 1061; 
 
Қостанай облысында – 248; 
 
Қызылорда облысында – 228; 
 
Маңғыстау облысында – 177; 
 
Павлодар облысында – 286; 
 
СҚО-да – 156; 
 
Түркістан облысында – 105.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 7 702 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 533 329 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
10 тамызға КВИ-ден 112 474 адам (108 818 КВИ+ және 3 656 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 972 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 81 502 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 966 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 402 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 232 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 9 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 973 өлім жағдайы тіркелген. 8 тамыз күні КВИ-ден 97 адам қайтыс болды. 
 
8 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 35 жағдайы тіркелді, 10 адам қайтыс болды және 173 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 63 477, өлім – 3 925, сауыққандар – 55 896. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 9 тамызға I компонентпен 5 807 646 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 445 534 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 6 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны