20.04.2022, 15:41 5116

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 11 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 11 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 11 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 417 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 2, 
 
Алматы қаласында - 4, 
 
Шымкент қаласында - 1, 
 
Ақмола облысында - 0, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 0, 
 
Атырау облысында - 0, 
 
ШҚО-да - 1, 
 
Жамбыл облысында - 0, 
 
БҚО-да - 0, 
 
Қарағанды облысында - 1, 
 
Қостанай облысында - 0, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 0, 
 
Павлодар облысында - 1, 
 
СҚО-да - 0, 
 
Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 8 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 290 904 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 сәуірге КВИ-ден 1 791 адам (853 КВИ+ және 938 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 112 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 679 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 10 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 2 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 3 пациент бар. 
 
2022 жылдың 18 сәуірінде коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы тіркелді, 17 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 850, өлім - 5353, сауыққандар - 82 559. 
 
2022 жылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 474 541 адам, 2-ші компонентпен - 9 221 035 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны