10.08.2022, 17:20 13311

Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам кетті

Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға 7 287 адам келді, елімізден кеткендердің саны 12 344 адамды, көші-қон айырымы – 5 057 адамды құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,5% және 83% құрады.
 
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны