28.12.2021, 18:48 11691

2022 жылдың бірінші тоқсанында "Спутник Лайттың" 1 млн дозасы жеткізіледі деп күтілуде

Қазақстан мен Ресей арасында алдын ала келіссөздер өткізіліп қойды.
2022 жылдың бірінші тоқсанында "Спутник Лайттың" 1 млн дозасы жеткізіледі деп күтілуде
Сурет: pixabay
НҰР-СҰЛТАН. 28 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанға желтоқсанның соңы - қаңтардың басында ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр.
 
2022 жылдың басында Қазақстанға барлығы "Спутник Лайт" вакцинасының 1 миллион дозасы жеткізіледі, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
 

Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында "Спутник Лайттың" алғашқы 150 мың дозасын жеткізу туралы уағдаластық бар", - деді ол үкімет кулуарында.

 
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында алдын ала келіссөздер өткізіліп қойды.
 

2022 жылдың бірінші тоқсанында 1 миллион доза ("Спутник Лайт") жеткізу жоспарланып отыр", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

 
Комитет басшысы вакцина тегін егіле ме деген сұраққа жауап берген жоқ.
 
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев желтоқсаннан бастап 2022 жылдың бірінші тоқсаны арасында Қазақстанға 5 миллион доза вакцина жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны