27.12.2022, 17:03 69231

2028 жылға қарай 200 мыңнан астам әйел зейнетке ерте шыға алады

2028 жылға қарай 200 мыңнан астам әйел зейнетке ерте шыға алады
Сурет: Depositphotos
Астана. 27 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Елімізде 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілді. Осы орайда Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2028 жылдың басында 324 мыңның орнына 536 мың әйел зейнетке шығу мүмкіндігіне ие.
 

2027 жылы әйелдер үшін зейнетке шығудың жас шегі 63 емес, - 61. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2028 жылдың басында Қазақстанның 324 мың тұрғынының орнына 536 мың әйел зейнетке шыға алады", - делінген хабарламада.

 
Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
 
Жаңа заң бойынша әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деп бекітілді.
 
Сондай-ақ, елімізде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері ұлғаяды және өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы 70%-ға дейін көтеріледі. Сондай-ақ, мүгедектерді бағып отырған туыстары мемлекеттен жалақы алатын болады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны