15.04.2021, 19:09 11395

"Қызыл" аймақтың өңірлерінде әуежайларға және теміржол вокзалдарына шығарып салушылар мен күтіп алушыларды кіргізуді шектеледі

НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жанар Уразалина авиациялық және теміржол рейстерінде карантиндік талаптарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сонымен, қаулыға сәйкес, тәуекелі жоғары қаупті (қызыл аймақ) өңірлеріндегі әуежайлар және теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеуді қамтамасыз етіледі.
 
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді, яғни 15 сәуірден бастап.
 
2021 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны