17.06.2022, 16:17 29941

ҚМА алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

ҚМА алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАУСЫМ - Қаржылық мониторинг агенттігі жалған қаржылық компаниялардан интернетте жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаржылық мониторинг агенттігі интернетте "жалған қаржы компанияларынан" азаматтарға "Қазмұнайгаз", "Теңізшевройл" мұнай компаниялары, "Бәйтерек Инвест" мемлекеттік цифрлық платформасы, және "Kaspi bank" сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кірістілікке уәде беретін жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейіп бара жатқанын ескертеді", - деп хабарлады ҚМА.

 
Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді.
 

Мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және қаржылық пирамиданың белгілері бар", - деп атап өтті ҚМА.

 
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады. Әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінде және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеріңіз.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны