Қазақстанда қандай жағдайларда қашықтықтан жұмыс істеу форматы мен Ashyq қолдану қайтарылады
Қызыл аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады.
Коронавирустық инфекцияның өсуіне байланысты, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының өзектенуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі аймақтар бойынша шектеу шараларын қайта қарады және бұл шараларды Ведомствоаралық комиссия мақұлдады. Мәселен, жасыл және сары аймақтарда шектеу шаралары бизнес объектілерінің қызметін шектемей, инфекция көзін оқшаулауға бағытталған. Яғни объектілерде санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті күшейту, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте медициналық маска тағу ұсынылады", - деді Денсаулық сақтау министрі.
Қызыл аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады.
Бірінші кезеңде: бизнес шектеусіз жұмыс істейді; жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде міндетті түрде маскалар пайдаланылады.
Екінші кезеңде: объектілерде "Ashyq" қосымшасы міндетті түрде пайдаланылады; көпшілік іс-шараларды өткізуге байланысты бизнес объектілерінің толымдылығы 50%-ға дейін шектеледі; білім беру ұйымдарына қосымша шектеулер енгізіледі; ұйымдар қызметкерлерінің 30%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге ауысады.
Қызыл аймаққа көшу және шектеу шараларын енгізу бизнестің және халықтың профилактикалық шараларды ұстану жағдайына байланысты болады. Сары аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласында үй-жайларда көп адам қатысатын көпшілік іс-шаралар өткізіледі және медициналық маска тағу, әлеуметтік қашықтық талаптары сақталмайды, бұл елордада инфекцияның одан әрі таралуына алып келіп отыр", - деді Ғиният.
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ ауруының болжамын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.