15.08.2022, 17:44 13896

Алматыда бірнеше автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгерді

Алматыда бірнеше автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгерді
АЛМАТЫ. 15 ТАМЫЗ - Алматы қалалық Мобилділік басқармасы 15 тамыздан бастап бірнеше автобустың бағытына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.
 
Бұған дейін жарияланғандай, 15 тамыздан бастап қолданыстағы №137 маршрут екіге бөлінетін болады. Батыс бөлікте Наурызбай ауданының әкімшілік орталығынан Адем СО дейін қысқартылған №137 маршрут қалады, ал шығыс бөлікте Адем СО мен Қайрат шағын ауданы аралығында №138 қатынайды. Маршрутты 15 тамыздан бастап бөлу жоспарланып отыр.
 
№110 маршрут бір аялдамаға ұзартылып, Момышұлы метро станциясымен байланыстырылатын болады.
 
№212 маршрут енді Жандосов елді мекенінен Саин-Жандосов көшелері қиылысына дейін жүреді.
 
№116 маршрут енді әл-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейін жүріп, Гагарин даңғылын толығымен қамтитын болады.
 
Жаңа №53 маршрут іске қосылады. Ол Теректі ыықшамауданынан Центральная көшесімен өтіп, Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесі арқылы жүріп, "Момышұлы" метро станциясына дейін келеді.
 
№55 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылады.
 

Сонымен қатар №115 маршруттың жылжымалы құрамы ЛиАЗ автобустарынан газбен жүретін Zhong Тong маркалы жаңа автобустарға ауыстырылады. Оған қоса 15 тамыздан бастап №100 және №49 маршруттарды іске қосу жоспарланған болатын. Алайда техникалық мәселелердің туындауына байланысты аталған маршруттар сәйкесінше 30 тамыз және 30 қыркүйекте ашылады", -делінген хабарламада.

 
Осыған орай №78 және №23 маршруттардың схемасына өзгерістер 30 тамыздан бастап енгізіледі. 
 
Ақпарат көзі: baq.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны