05.01.2023, 12:21 24251

Мәсімов қаңтар айындағы оқиғалар барысында қандай бұйрықтар берді

ҰҚК экс-басшысының нұсқауы бойынша Алматы және Қызылорда облысы ҰҚК департаменттерінің ғимараттары қалдырылды
Мәсімов қаңтар айындағы оқиғалар барысында қандай бұйрықтар берді
Сурет: inform.kz
Астана. 5 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Бас прокурор Берік Асылов 2022 жылы Қазақстандағы қаңтар оқиғаларына арналған Мәжілістің арнайы отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қандай өкімдер бергенін айтты.
 
2022 жылғы 5 қаңтарда Кәрім Мәсімовтің нұсқауы бойынша Алматы және Қызылорда облысы ҰҚК департаменттерінің ғимараттары қалдырылды. Сондай-ақ, басшылықтың бұйрығымен Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттары қалдырылды.
 
Сонымен қатар, Алматы және Жамбыл облыстарындағы полиция қызметкерлері ғимараттардан кетті.
 
Нәтижесінде 3 мыңға жуық қару қарақшылардың қолына түсті, олардың 2 мыңы әлі табылған жоқ.

ҰҚК үш өңірлік департаментінің, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшыларына және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істер соттарға жіберілді, сот талқылаулары жүріп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны