16.01.2023, 09:44 36721

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығы халықаралық іздеуге жарияланды

Полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізуде
"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығы халықаралық іздеуге жарияланды
Қонаев. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы маңындағы "Алтын орда" базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды.

Күдіктілерді Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.

Данияр Әпдіғапаровқа 1982 жылы туған, Жұмадин Патовқа, 1982 жылы туған, Қанат Жақаевқа, 1984 жылы туған, сонымен қатар Айдос Нұрқалиевқа, 1986 жылы туған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәтижелері кейінірек хабарланады", - деп атап өтті ведомстводан.


Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департаменті 2022 жылдың наурыз айында "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС қатысты тексеру жүргізді. Серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.

Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылды.

Қыркүйек айында Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалалық мәслихаттың XXV сессиясының отырысында "Алтын Орда" базарын көтерме-тарату орталығына айналдыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Ақпарат көзі: inform.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны