11.08.2021, 18:56 12286

Ақмола облысында "Автобус добрых дел" акциясы басталды

КӨКШЕТАУ. 11 ТАМЫЗ - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және "Марафон добрых дел" жобасын іске асыру аясында бүгін өңірде колледж қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен "Автобус добрых дел" акциясы басталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Білім басқармасының хабарлауынша, жобаның негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарын қолдау, әлеуметтік жобалау идеяларын, еріктілік құндылықтары мен тәжірибесін насихаттау, студент жастарды әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту.
 

Волонтерлік бастамаларды іске асыру аясында әрбір мемлекеттік колледжде жазғы кезеңде 3-4 курс қызметкерлері мен студенттерімен "Автобус добрых дел" өтеді, олар халыққа шаштараз сервисі, тігін бұйымдарын ұсақ жөндеу, ағаш ұстасы, дәнекерлеу қызметі, цифрлық технологиялар саласындағы қызметтер көрсетеді. Студенттер арасынан волонтерлер елді мекендердің оқушыларымен бос уақытты ұйымдастырады, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, үйірме сабақтарын өткізеді. Жоспарланған халықты қамту 5 мың адамды құрайды", - деп атап өтті ведомствода.

 
Әрбір "Автобус добрых дел" аумақтық әкімдіктермен келісілген өзінің жүру бағытына ие болады. Бұл ауылдық округтердің тұрғындарына волонтер студенттер ұсынатын қызметтердің спектрі туралы ақпарат беріледі. 
 
Аталған автобусқа қосымша 6 біліктілік бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарының қызметтерін ұсыну үшін екі мобильді оқу орталығы қосылады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
 
 "Автобус добрых дел" алғашқы шығуы Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен Атбасар ауданының Тельман ауылдық округінде өтті.
 
Сапар барысында еріктілер Тельман ауылының тұрғындарына шаштараз қызметтерін, компьютерлік техниканы жөндеу және түрлі бағдарламаларды орнату бойынша қызметтерді көрсетті, жалғыз тұратын адамдардың үйлері мен аула аумақтарын тазалау бойынша көмек көрсетті, Акимовка және Поповка ауылдарындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына кеңсе керек-жарақтары бар пакеттерді сыйға тартты.
 

Барлығының көңіл-күйі жағымды. Өйткені, адамдарға көмектесу арқылы сіз оларды бақытты етесіз. Жақсы көңіл-күймен және жетістік сезімімен біз үйге ораламыз. Ал ертең бізді Ярославль ауылдық округі күтіп тұр", - деді өндірістік оқыту шебері Орынбасар Баимбетова.

 
Айта кетейік, облыста 94 мамандық бойынша 26 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары дайындық жүргізуде. Оқумен барлығы 14 мың студент қамтылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны