16.11.2021, 20:41 66772

Ақмола облысының елді мекендерін газдандыру жұмысы жүріп жатыр

Ақмола облысының елді мекендерін газдандыру жұмысы жүріп жатыр
Сурет: Ақмола облысының ІСБ
КӨКШЕТАУ. 16 ҚАРАША - Ақмола облысында газдандыру мәселесі жергілікті биліктің ерекше бақылауында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Елді мекендерді газдандыру бойынша жобалар "Сарыарқа" магистральдық газ құбырының бірінші кезеңі аясында жүзеге асырылуда. Биыл 14 елді мекенді газдандыру бойынша 8 жобаны аяқтау жоспарлануда", - деп хабарлады Ақмола облысының ІСБ.

 
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, бірінші кезеңге қосылу үшін газ тарату желілерінің құрылысы екі кезекке бөлінген.
 
Бірінші кезек бойынша өткен жылы 35 мың халқы бар Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газдандырудың 13 жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 1 қарашадағы жағдай бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 94%-ға орындалды, 319 км газбен жабдықтау желілері салынды. Биылғы жылы Аршалы ауданының 14 елді мекенін газдандыру бойынша 8 жобаны аяқтау жоспарланған. Келесі екі жылда Аршалы және Целиноград аудандарының 6 ауылында тағы 5 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде.
 

Газ тарату желілері құрылысының екінші кезегі бойынша Қосшы қаласы мен Целиноград ауданының 95 мың тұрғыны бар 6 елді мекенін газдандыру көзделіп отыр. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 531 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сараптама қорытындысын алу келесі жылдың екінші тоқсанына жоспарланған", - деп хабарлады облыстық ведомствода.

 
 "Сарыарқа" магистральдық газ құбыры құрылысының екінші және үшінші кезеңдері шеңберінде "КАТЭК" ЖШС жобалау ұйымымен техникалық-экономикалық негіздемені түзету бойынша жұмыстар жүргізілді. 2020 жылдың желтоқсанында жоба ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамадан өтті. Облыс бойынша магистральдық газ құбырының ұзындығы 337 км құрайды.
 
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша магистральдық газ құбыры құрылысын іске асыру 412 мың халқы бар 200 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны