22.10.2021, 21:17 181525

Ақмола облысының Қорғалжын ауылында әлеуметтік нысандар салынуда

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Қорғалжын ауданында болып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп жатқан құрылыс алаңдарын аралап көрді.
КӨКШЕТАУ. 22 ҚАЗАН - Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Қорғалжын ауданында болып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп жатқан құрылыс алаңдарын аралап көрді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аудан орталығындағы тұрғын үй тапшылығы мәселесі жеке үйлердің құрылысы арқылы ғана ішінара шешілуде. 
 

Әзірге бұл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған бір ғана көп қабатты үйде бір шаршы метрдің бағасы 140 мың теңгеден аспайды. Пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарының үш санатына арналған", - деп мәлімдеді Аудан әкімі Берік Жанбаев өңір басшысына.

 
Қорғалжын ауылының көше мен жол торабын жөндеуге тек "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша биыл облыстық бюджеттен 182 миллион теңге қарастырылған. Нәтижесінде аудан орталығында асфальт жолдардың 40 пайыздан астамы бар. Жол желісін жөндеу мұнымен бітпейді, ауылдың тағы бірнеше көшелерін жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Облыс әкімі атап өткеніндей, қаржыны игеру мақсат емес, бастысы жол құрылысының сапасы жақсы болуы керек.
 
Қорғалжын аудандық орталық ауруханасында медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, бекітілген тұрғындарға қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер көтерілді. Медициналық мекеменің бас дәрігері Марал Архабаева орталық аудандық аурухананың ғимаратына 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілгенін мәлімдеді. Екі жылдан кейін шығындарды үнемдеуге байланысты аурухана ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылған.
 
Тұтастай алғанда, аурухананың жағдайы қанағаттанарлық. Облыс әкімі Ермек Боранбайұлы аурухананы одан әрі модернизациялау үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындауды тапсырды.
 

Медициналық кадрлардың, әсіресе, жетіспейтін мамандардың тапшылығына келетін болсақ, әзірге бұл мәселе Целиноград ауданының дәрігерлерінің есебінен шешілуде. ЛОР дәрігері, офтальмолог, хирург және психиатр-нарколог жергілікті науқастарды Қорғалжын аудандық орталықтандырылған ауруханасында демалыс күндері қабылдайды", - деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 
Жылдың соңына қарай Қорғалжында жайлы пәтерлері бар толыққанды тұрғын үйге арналған қайта жаңартылған бұрынғы екі жатақхананы да тұрғындарға беру жос-парлануда. Олардың құны – 220 миллион теңге. Мердігер ұйым "SCS Engineering" серіктестігі келісім-шарт бойынша үйлерді ағымдағы жылдың желтоқсанында тапсыруға міндеттеме алған. Бірақ, қазіргі құрылыс қарқыны ондай сенімділік тудырмайды.
 

Мемлекеттің тендерді ұтып алған мердігерлер алдында бір ғана міндеті бар, ол ақша аудару. Сіздер он шақты нысанды бір-ақ аласыздар да олардың бірде біреуін ойлағандай соңына жеткізбейсіңдер. Егер есептесек, бұл арада бір шаршы метр тұрғын үй алаңының құны 160 мың теңге болып шығады, бұл осы жағдайда көп сома", – деді Ермек Маржықпаев "SCS Engineering" серіктестігі басшысына қаратып.

 
Облыс әкімі екі объектінің аяқталу мерзімін, соның ішінде іргелес аумақты абаттандыруды еске сала отырып, жұмыс қарқынын жеделдетуді талап етті.
 
Жұмыс сапарының соңында, Ермек Маржықпаев Қорғалжын агротехникалық колледжіне барды. Мұндағы әңгіме болашақ мамандарды даярлау сапасы туралы болды. Ал, бұл мәселе негізінен, аталмыш оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңартқанда ғана жүзеге асатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны