15.10.2021, 17:33 161818

Алматы метросының екі жаңа станциясы іске қосылуға 91% дайын

АЛМАТЫ. 15 ҚАЗАН - Алматы метросының екі жаңа станциясы іске қосылуға 91% дайын, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде метрополитеннің екінші іске қосу кешені нысандарының құрылыс барысымен танысты. Екінші іске қосу кешені аралық тоннельдерден және қазіргі кезде әрлеу жұмыстары жүріп жатқан "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" екі бекетінен тұрады.

Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің екінші іске қосу кешені учаскесінің трассасы Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан. Құрылыс ұзындығы екі жолды бағытта 3,08 км құрайды. Екінші іске қосу кешенінің жалпы дайындығы 91%-ды құрайды.

Бүгінде темір-бетон конструкцияларының құрылысы, аралық тоннельдерді қазу аяқталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, жолдың жоғарғы құрылысы аяқталып қалды. Қалған жұмыстарға инженерлік желілерді төсеу және жабдықты іске қосу кіреді.

Бүгінде орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 30 мың адамды құрайды. Мамандардың есептеуі көрсеткендей, екінші іске қосу кешені пайдалануға берілген соң орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 86 мың адамға жететін болады. Бұл Абай даңғылындағы көлік қозғалысын едәуір жеңілдетуге және мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарының мобилділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Б. Сағынтаев жыл соңына дейін станциялардың техникалық іске қосылуын қамтамасыз ету үшін құрылыс-әрлеу жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны