27.12.2022, 13:25 65001

Алматы облысында шенеуніктерге қоқыс үйінділері үшін айыппұл салынды

Стихиялық қоқыс орындары жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан ұзақ уақыт бойы жиналады
Алматы облысында шенеуніктерге қоқыс үйінділері үшін айыппұл салынды
Сурет: Алматы облысыны? прокуратурасы
Қонаев. 27 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Прокуратураның ұсынысы бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласы әкімдіктерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Стихиялық қоқыс орындары жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан ұзақ уақыт бойы жиналатындығы байқалады, бұл көптеген жағымсыз салдарға әкеледі: топырақтың атмосфералық ауаның ластануы, санитарлық жағжайдың нашарлауы. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі көптеген сыни сюжеттер дәлел бола алады", - деді ведомствода.


 "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ геопорталы арқылы облыс аумағында 351 стихиялық қоқыс орындары анықталды, атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданы - 61, Іле ауданы - 91, Қарасай ауданы - 56, Талғар ауданы - 33, Қонаев қаласы - 85. Оның ішінде 247 стихиялық қоқыс орны жойылды, 104 қоқыс орны әлі күнге дейін жойылмаған.

Прокуратураның ұсынысы бойынша экология Департаменті Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласының әкімдерінің басшыларына әкімшілік жауапкершілікке әрқайсысы 100 АЕК-тен 306 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп қосты прокуратурада.


Бұған дейін Астанада медициналық қалдықтары бар қоқыс үйіндісі табылғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны